Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінге Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуде біздің құрамаға алғашқы жеңісті сыйлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл құрамалар арасындағы алғашқы кездесуде Юлия Путинцева мен неміс қызы Анжелика Кербер ойнады.
Ойынның бірінші сетін 3:6 есебімен Кербер өз пайдасына аяқтады. Бірақ қалған екі сетте 6:3, 6:2 есебімен Путинцева жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Енді екінші ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лаура Зигемундқа қарсы ойнайды.
Айта кетейік, ертең, 16 сәуір күні Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы ойындар тағы болады. Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында алдымен екі жекелей ойын, кейін бір жұптық ойын өтеді.