Теннис
14 қыркүйек 2020 15:10

Юлия Путинцева әлемнің үздік 30 теннисшісінің қатарына қосылды

Юлия Путинцева. Сурет: usopen.org
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың ашық біріншілігі аяқталғаннан кейін шыққан WTA-ның жаңартылған тізімінде әлемнің үздік 30 теннисшісінің қатарына қосылды,-деп хабарлайды Vesti.kz. 

US Open турнирінде Путинцева карьерасында бірінші рет ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандасымыз америкалық Дженнифер Брэдиден жеңіліп қалды. Дегенмен де, бұл жеңілісіне қарамастан қазақстандық теннисші жаңартылған рейтингте бес саты жоғары көтеріліп, 30-орынға жайғасты.

Ал Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина болса бір саты төмен сырғып, 18 орынға орналасыпты. Ол Нью-Йоркте екінші айналымнан аса алмады. 

Зарина Диас болса үш саты төмен түскен. Ол қазір 72 орында. 

Рейтингтің көшінде австралиялық Эшли Барти. Екінші орында румын қызы Симона Халеп болса, үшінші орында US Open жеңімпазы Наоми Оска тұр.