Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) басталған WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Путинцева бірінші айналымда грузиялық Екатерина Горгодзеге қарсы ойнап, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Ойын 1 сағат 36 минутқа жалғасты. Кездесу барысында қазақстандық теннисші бір эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде екі қателік жіберді. Ал Горгодзе үш эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде төрт рет қателесті.
Енді келесі айналымда, 14 шілдеде Путинцева хорват қызы Ана Конюхқа қарсы ойнайды.