WTA Рыбакина – Соболенко ойынына қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/lenarybakina

Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық Елена Рыбакина мен беларусь қызы Арина Соболенко арасындағы ойынға қатысты мәлімдеме жасады. 

Канкунда өтіп жатқан WTA қорытынды турниріндегі екі ойыншының кездесуі нөсер жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтады. Нәтижесінде WTA мен ұйымдастырушылар ойынды кейінге шегерді. Алдын ала мәліметтер бойынша, екеуі корттағы кездесуді түнгі 01:30-да жалғастырады. 

Ойын жаңбырға байланысты тоқтатылды. Соболенко Рыбакинаны 6:2, 3:5 есебімен ұтып тұрған. Бұл ойынның жалғасы мен Гауф/Пегула - Зигемунд/Звонарева ойындары жұмадағы күнтізбеге ауысты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, екі теннисші Бакалар тобындағы екінші жолдамаға таласуда. Біріншісін америкалық Джессика Пегула жеңіп алған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: