Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) баспасөз қызметі қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның 2025 жылғы бірегей жетістігіне арналған жазба жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
WTA мәліметінше, Рыбакина 2016 жылдан бері бір маусымда 500 эйс көрсеткішінен асқан алғашқы теннисші болды. Эйс - қарсылас қайтаруға үлгермейтін күшті әрі дәл соққы.
"Эйстер ханшайымы. Елена Рыбакина 2025 жылы 500-ден астам эйс орындады.
2016 жылдан бері бір жылда 500-ден көп эйс жасаған алғашқы WTA теннисшісі", – делінген WTA жазбасында.
Жарнама