"Ұят". Рыбакинаны қаралаған РТФ сынға қалды

©Reuters

Ресейлік журналист Софья Тартакова "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищевтің Елена Рыбакинаға қатысты пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Тартакованың айтуынша, РТФ өз кінәсін мойындап, қазақстандық теннисшіден кешірім сұрау керек дейді.

"Ұят. Керісінше біздің федерация: "Жарайсың, Лена! Кезінде саған көңіл бөлмей, өзге елге кетуіңе жол бердік. Алайда қазір сен биік белестерді бағындырып, үлкен жеңістерге жетіп жатырсың", - деуі керек еді. Ал олар керісінше Ленаны біздің өнім деп жатыр. Өнім дегеніміз тоңазытқышта тұрады. Ал Рыбакина бірінші кезекте кезінде біз мән бермеген жақсы адам. Қазақстан елі оның жарқын жеңісін өзінің жеңісі деуі орынды. Менің ойымша, бұл оның отбасының жеңісі. Оның әкесі кезінде батыл шешім қабылдады. Біздің елде азаматтықтан бас тартса, сатқын деп бетіңе түкіреді. Ал әкесі Ленаның бақыты үшін тәуекелге барды", - дейді Тартакова.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport