Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Үндістаннан ұтылды

©olympic.kz

Үстел теннисінен әлем чемпионатында құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегерлері Үндістан спортшылары Азияның сегізінші командасы -Қазақстан құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч екі жарым сағатқа созылды. 2:2 есебімен алаңға Денис Жолудев (Қазақстан) және Хармит Десай (Үндістан) шықты. Екі теннисші де өз үлестерін қосты, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін жүз пайыз сарп етті, жеңіске деген ерік-жігер танытты. Сәттілік үнді спортшысы жағында болды.

Қорытынды шот 3: 2 қарсыластардың пайдасында.

Сатиян Гнанасекаран - Денис Жолудев 3:0 (11:1, 11:9, 11:5)

Хармит Десай - Кирилл Герасименко 0:3 (6:11, 8:11, 9:11)

Манав Викаш Таккер - Алан Құрманғалиев 3:0 (12:10, 11:1, 11:8)

Сатиян Гнанасекаран - Кирилл Герасименко 2:3 (11:6, 4:11, 14:12, 9:11, 6:11)

Хармит Десай - Денис Жолудев 3:0 (12:10, 11:9, 11:6).

Қазақстан кіші топта 4-орынды иеленді және негізгі турнирдің 16 қатысушысының құрамына кірмеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport