Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Үндістаннан ұтылды
Үстел теннисінен әлем чемпионатында құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегерлері Үндістан спортшылары Азияның сегізінші командасы -Қазақстан құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч екі жарым сағатқа созылды. 2:2 есебімен алаңға Денис Жолудев (Қазақстан) және Хармит Десай (Үндістан) шықты. Екі теннисші де өз үлестерін қосты, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін жүз пайыз сарп етті, жеңіске деген ерік-жігер танытты. Сәттілік үнді спортшысы жағында болды.
Қорытынды шот 3: 2 қарсыластардың пайдасында.
Сатиян Гнанасекаран - Денис Жолудев 3:0 (11:1, 11:9, 11:5)
Хармит Десай - Кирилл Герасименко 0:3 (6:11, 8:11, 9:11)
Манав Викаш Таккер - Алан Құрманғалиев 3:0 (12:10, 11:1, 11:8)
Сатиян Гнанасекаран - Кирилл Герасименко 2:3 (11:6, 4:11, 14:12, 9:11, 6:11)
Хармит Десай - Денис Жолудев 3:0 (12:10, 11:9, 11:6).
Қазақстан кіші топта 4-орынды иеленді және негізгі турнирдің 16 қатысушысының құрамына кірмеді.
Жарнама