US Open-2021. Лейла Фернандес Үлкен дулыға турнирінің финалына тұңғыш рет шықты
Нью-Йоркте өтіп жатқан теннистен US Open-2021 турнирінде сенсация орын алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Нью-Йоркте өтіп жатқан теннистен US Open-2021 турнирінде сенсация орын алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Канадалық Лейла Анни Фернандес жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенканы ұтып кетті. 2 сағат 21 минутқа созылған тартысты матчта 7:6 (7:3), 4:6, 6:4 есебімен 19 жастағы Фернандес жеңіске жетті.
Осыған дейін WTA жарысын бір мәрте ұтқан канадалық спортшы кәсіпқой карьерасында Үлкен дулыға турнирінің финалына тұңғыш рет шығып отыр. 23 жастағы Соболенко болса осыған дейін WTA жарыстарын 10 рет ұтқан. Беларуссияның бірінші ракеткасы екі ай бұрын Уимблдон турнирінің ½ финалына дейін жеткен еді.
Финалда Лейла Фернандес грек қызы Мария Саккари мен ұлыбританиялық Эмма Радукану жұбының жеңімпазымен кездеседі. Еске салайық, биылғы US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 57,5 млн АҚШ долларын құрайды.
Жарнама