"Үлкен Дулығаның" екі дүркін чемпионы Рыбакинаны құттықтады

©Reuters

Теннистен әлемнің экс-бірінші аркеткасы Трэйси Остин қазақстандық Елена Рыбакинаның "Уимблдон" турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Үлкен Дулыға" турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы Рыбакинаның ойынына тамсанды.

"Рыбакинаны "Уимблдон" турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын. Оның соққылары неткен керемет еді. Онс Жабердің де уақыты келеді деп сенемін. Фантастикаға толы екі апта үшін рақмет", - деп жазды америкалық спортшы.

Еске салайық, Елена Рыбакина спорттық карьерасында тұңғыш рет "Уимблдон" турнирін жеңді. Ол финалда тунистік әлемнің екінші рактекасы Онс Жаберді ұтты.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport