Теннис
2 наурыз 2022 16:45
 

Украина ресейлік теннисші Даннил Медведевті жарыстардан шеттетуді сұрады

  Пікірлер

blog.share

Украина ресейлік теннисші Даннил Медведевті жарыстардан шеттетуді сұрады ©GETTY IMAGES

Украина теннис федерациясы басқарма өкілі Сева Кевлыч әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі ресейлік Даниил Медведевті "Үлкен дулыға" турнирлерінен шеттетуді сұрады. 

blog.share

Украина теннис федерациясы басқарма өкілі Сева Кевлыч әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі ресейлік Даниил Медведевті "Үлкен дулыға" турнирлерінен шеттетуді сұрады. 

"Оған (Медведевке - ред) АТР санатындағы турнирлерге ойнауға рұқсат беріңіздер. Бірақ "Үлкен дулыға" мен ITF санатындағы турнирлерге жолатпаңыздар. Егер ол "Үлкен дулыға" турнирлеріне қатысу құқығынан айырылса, әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі бола алмайды. Ол "Ролан Гаррос", Уимблдон және US Open турнирлерінде ойнамау керек. 

Ресей Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогінің иегері екені қызықтырмайды мені. Оларды барлық турнирден тыс қалдырған жөн", - деп келтіреді Кевлычтың сөзін Reuters. 

Айта кетейік, Медведев 28 ақпан күні Новак Джоковичтан озып, әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі атанды. 

Еске салайық, бұған дейін АТР, WTA және ITF Ресей мен Беларусь құрамаларын барлық жарыстан шеттеті. Енді ресейлік және беларусь теннисшілері турнирлерде өз елдерінің атынан емес, бейтарап ойыншы ретінде қатысады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!