Теннис
24 тамыз 2022 17:46

Уимблдонның екі дүркін жеңімпазы бапкерімен тұрмыс құрды

©РИА Новости/Алексей Даничев

"Уимблдон" турнирінің екі дүркін жеңімпазы чехиялық теннисші Петра Квитова өзінің бапкері Иржи Ванекпен отбасын құрғанын хабарлады, деп жазады "Р-Спорт" порталы. 

Ванек теннисші кезінде АТП рейтингінде 7-орынға дейін көтерілген. Ол карьерасын 2011 жылы аяқтаған. Ал Квитовамен 2016 жылдан бастап бірге жұмыс істеген. Оған дейін Иржи тағы бір чех қызы Каролина Плишкованың бапкері болған. 

"Қуанышты жаңалық. Сіздермен бөлісіп қояйын. Мен "иә" дедім", - деді 32 жастағы теннисші. 

Айта кетейік, Квитова қазіргі уақытта WTA рейтингінде 21-орында тұр. Ол 2011 және 2014 жылдары "Уимблдон" турнирін екі мәрте жеңіп алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport