"Уимблдон" турнирінің финалына шыққан Рыбакина пікір білдірді

©championat

"Уимблдон" турнирінің финалына шыққан Елена Рыбакина тарихи жетістіктен кейін эмоциямымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Керемет ойын болды. Симонамен осыған дейін тартысты мачттар өткізгенбіз. Бүгін өзім жоспарлағандай барынша жинақы болдым. Сапалы ойын өрнегін көрсеткенім үшін өзіме ризамын. Әрине толқыныс сезімі болғаны рас. Әдетте сары уайымның салдарынан жиған-терген тәжірибеңді көрсете алмайтын кездер болады. Бұрын орталық кортта ойнамағам. Алайда бүгін негізгі кортқа шыққанымда аса қатты толқыған жоқпын. Жанкүйерлердің керемет қолдауы, турнирдің атмосферасы қосымша күш берді. Психологиялық тұрғыда бұл ойынға дайын болдым", - дейді Рыбакина.

Еске салайық, Рыбакина 1/2 финалда Симона Халепті екі сетте ұтты. Есеп 6:3, 6:3. Енді финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Тунис халқының маңдайына біткен теннисшісі Унс Жабермен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport