Уимблдон: Елена Рыбакина былтырғы финалдағы қарсыласынан жеңілді

© Reuters/Dylan Martinez

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен ойнады. 

Елена Рыбакина 7:6(7:5), 6:4, 6:1 есебімен жеңілді. Осылайша, ол былтырғы атағын қорғай алмады.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 7 эйс орындап, 3 қос қателік жасады.

Енді тунистік теннисші турнирдің финалына шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: