Турнир алдында. Әлемнің екінші ракеткасының сүйіктісі белгісіз жағдайда көз жұмды

©Euroradio

Белгілі хоккей маманы, "Салават Юлаев" командасы бас жаттықтырушысының кеңесшісі Константин Кольцов қайтыс болды. Ол өзінің сүйіктісі Арина Соболенконы (әлемнің екінші ракеткасы) жарыста қолдау үшін Майамиге барған. 

Спорт маманы 42 жасында өмірден өтті. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. "Салават Юлаев" командасы Константиннің қайтыс болғанын растап, туыстарына көңіл айтты. 

"Салават Юлаев" командасының жаттықтырушысы Константин Кольцовтың қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол күшті, өмірге құштар жан еді, оны өз ортасы мен ойыншылар, әріптестері, жанкүйерлері жақсы көрді, құрметтеді. Константин біздің командаға өз атын жазып қалдырды. Ресей чемпионатын және Гагарын Кубогын команда сапында ойнап жүргенде ұтып алды, жаттықтырушы ретінде де үлкен үлес қосты. Ағайын-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - делінген ресми мәлімдемеде. 

Константин Кольцов пен Арина Соболенко 2021 жылдан бастап кездесе бастады. Хоккейшінің алғашқы әйелінен үш баласы бар.

Арина бүгін басталатын Майамидегі жарыстың фавориті болатын. Ол қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport