Төрешіні ракеткамен ұрған теннисші сегіз аптаға ойындардан шеттетілді

©Reuters

Неміс теннисшісі Александр Зверев Акапулькада өткен турнирде төрешіге шабуылдағаны үшін сегіз аптаға ойындардан шеттетіліп, 25 мың долларға айыппұл төлейді, деп хабарлайды Кәсіпқой теннисшілер ассоциациясы (АТР). 

23 ақпан күні Зверев Акапулькадағы турнирден шеттетіліп еді. Неміс пен бразилиялық Марсело Мело жұптық сында британиялық Ллойд Гласспул мен фин Харри Хелиоввареден ұтылған болатын. Ойыннан кейін Зверев төрешінің жанына барып, оны ракеткамен ұрды. 

Енді неміс теннисшісі 11 наурызға дейін бұл шешімге шағып білдіруне болады. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Александр Зверев АТР рейтингінде үшінші сатыда тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: