Теннистен Қазақстан құрамасы жаңа турнирде ойнайды

©sport.orf

Теннистен Қазақстан құрамасы жаңа жарыс – United Cup кубогінде ойнайды. Бұл туралы ҚТФ ресми сайты хабарлады.

United Cup турнирі Аустралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында 29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында өтеді.

Жаңа аралас командалық додаға 18 құрама қатысады.

Турнирдің ресми сайты мәлім еткеніндей, соңғы құрама ретінде Қазақстан анықталды.

Қазақстандықтар B тобында Польша және Швейцария командаларымен шеберлік байқасады.

Бұл беделді жарыста ел намысын Александр Бублик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Гөзал Айнитдинова қорғайды.

Топтардың толық құрамы мынадай болды.

A тобы: Грекия, Бельгия, Болгария.

B тобы: Польша, Швейцария, Қазақстан.

C тобы: АҚШ, Германия, Чехия.

D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания.

E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия.

F тобы: Франция, Хорватия, Аргентина.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: