Теннис
29 шілде 14:19
 

Теннистен Қазақстан чемпиондары анықталды

  Пікірлер

blog.share

Теннистен Қазақстан чемпиондары анықталды ©ҚТФ

Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі. 

blog.share

Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі. 

Ерлер арасындағы финалда қарағандылық Әмір Омарханов пен Теміртау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Григорий Ломакин кездесіп, алтын жүлде үшін бақ сынады.

Алайда бұл матч көпшілік күткендей тартысты болмады. Бірінші сет 6:1 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді, ал екінші кезеңде Ломакин жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Қола жүлдені Ислам Орынбасар иеленді.

Әйелдер арасындағы шешуші кездесуде Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова кортқа шықты. Құламбаева 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Үшінші орынды Іңкәр Дүйсебай жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!