Теннис
25 шілде 11:31

Теннистен Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері анықталды

©ҚТФ

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр.

Турнирдің бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 292-орында тұрған Жібек Құламбаева ширек финалда Анастасия Крымкованы еш қиындықсыз 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Жібек қысқы ел чемпионатының жеңімпазы Іңкәр Дүйсебаймен кездеседі. Іңкәр ширек финалда Альбина Какеновадан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.

Тағы бір жартылай финалда Аружан Сағандықова мен Полина Слепцова өзара мықтыны анықтайды. Аружан 1/4 финалда Асылжан Арыстанбекованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Ал Полина Слепцова жоғары деңгейде өнер көрсетіп, турнирдің екінші ракеткасы Сандуғаш Кенжебаеваны (WTA 980) 6:4, 6:4 есебімен жарыс жолынан шығарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport