Теннис
11 шілде 2022 14:46
 

Теннис фанаттары Рыбакинаның стилін сынға алды

  Пікірлер

blog.share

Теннис фанаттары Рыбакинаның стилін сынға алды © Getty

Дәстүрлі "Уимблдон Чемпиондар балына" қатысқан Елена Рыбакинаның көйлегі мен стилін теннис жанкүйерлері сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Дәстүрлі "Уимблдон Чемпиондар балына" қатысқан Елена Рыбакинаның көйлегі мен стилін теннис жанкүйерлері сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

2022 жылғы "Уимблдон" турниріндегі жеңісінен кейін қазақстандық теннисші дәстүрлі баллға қатысып, ерлер сынындағы чемпион сербиялық Новак Джоковичпен түскен суреттері әлеуметтік желіге тарады.

Ресми парақшаларда жарияланған суреттерге әлемнің әр түкпіріндегі фанаттар жарыса пікір жазып, бірі Рыбакинаның көйлегін "той көйлегі сияқты, басқа түсін киюі керек еді" десе, енді бірі "аяқ киімді биік өкшелі қылғанда болатын еді" деп жазды. Алайда басым көпшілігі 23 жастағы теннисшінің шынайы эмоциясы мен Джоковичпен иық тірестіре, чемпиондық биіктен көрініп, суретке түсіп тұрғанының өзі қандай керемет деп таңдай қағысты. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдонның финалында әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жаберді ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!