Теннис
5 қыркүйек 13:58

Тарихи жетістік. 17 жастағы қазақстандық US Open турнирінің жартылай финалына өтті

©ҚФФ

Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Флашинг-Медоус корттарында өткен ширек финалда Заңғар 13-ші нөмірлі теннисші, ресейлік Тимофей Дерепасконы айқын басымдықпен жеңді.

Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалға жолдама алу үшін ол әлемдік ITF Juniors рейтингінің көшбасшысы, болгариялық Иван Иванов пен германиялық Максим Шонхауэс арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport