Теннис
Кеше 16:48

Тарихи жеңістен кейін WTA Рыбакинаға қатысты шешімін жариялады

©Тұрар Қазанғапов

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекелей сын

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open–2026 турниріндегі жеңісінен кейін рейтингте бесінші орыннан екі саты жоғарылап, үздік үштікті түйіндеді. Ол Мельбурндағы Grand Slam турнирінде чемпион атанған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанып, ел теннисі үшін тарихи жетістікке қол жеткізді.

Юлия Путинцева рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартып, бірден 24 сатыға жоғарылап, 70-орынға көтерілді.

Зарина Дияс қазіргі таңда 282-орында тұр. Бұған дейін ол сегіз саты төмен орналасқан болатын.

Жібек Құламбаева үш позиция жоғалтып, 387-орынға сырғыды.

Әлемдік рейтингтің алғашқы екі орнын бұрынғыдай белоруссиялық Арина Соболенко мен польшалық Ига Швёнтек сақтап қалды.

Жұптық сын

Анна Данилина жұптық рейтингте үш орынға көтеріліп, қазіргі таңда 11-орында орналасқан.

Алғашқы үштікте өзгеріс жоқ: чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд, сондай-ақ италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани үшінші орынды бөлісіп тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport