Тағы бір реесйлік спортшы Қазақстан атынан өнер көрсетпек
Жуырда ғана Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланған отандық теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский ресейлік Александр Шевченконың Қазақстан атынан өнер көрсетуіне қатысты тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Юрий Польскийдің сөзінше, Шевченконың Қазақстан үшін ойнағысы келіп жүргеніне көп болған.
"Ол бізге сондай өтініш берді. Александр көптен бері Словакияда өздігінен жаттығып жатыр. Ол біздің ойыншыларымызды жақсы біледі, бізде теннистің жүйелі түрде жолға қойылғанын, команданың әр мүшесіне көзқарас ерекше екендігін түсінеді. Сондықтан осы қатарға қосылғысы келеді. Барлық құжаттар дайын деуге болады. Паспорт алуға құжаттарын тапсырды. Таяу уақытта бұл мәселе қаралып, ол АТР жарыстарында Қазақстан атынан өнер көрсете алады. Бірақ ұлттық құрама сапында Александр Шевченко азаматтық алғаннан соң екі жылдан кейін ғана ойнай алады – ITF-дағы жалпы тәртіп осындай", - деді ол.
Жарнама