Теннис
14 шілде 16:25

Скатов Швециядағы турнирді сәтті бастады

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бостад (Швеция) қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирін сәтті бастады.

Іріктеу кезеңінде Тимофей Скатов үндістандық Сумит Нагалмен өзара мықтыны анықтады.

Жерлесіміз матч барысында 8 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Нәтижесінде, 1 сағат 26 минутқа созылған бәсекеде Скатов 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Тимофей Скатов жарыстың негізгі бөліміне өту үшін италиялық Андреа Пеллегриномен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport