Теннис
13 тамыз 14:29
 

Скатов Германиядағы "Челенджердің" финалында сүрінді

  Пікірлер

blog.share

Скатов Германиядағы "Челенджердің" финалында сүрінді ©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өткен "Челленджер" турнирінің финалында ұтылды.

blog.share

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өткен "Челленджер" турнирінің финалында ұтылды.

Жүлде үшін өткен матчта ол австриялық Юрий Родионовпен (ATP рейтингінде 185-орын) кездесті. Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты кездесу Родионовтың пайдасына 3:6, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Тимофей Скатов мансабындағы үшінші кәсіби атағын жеңіп ала алмады. Бұған дейін оның еншісінде екі "Челленджер" жүлдесі бар еді. Алғашқы рет ол 2022 жылы Италияның Парма қаласында жеңіске жеткен, кейін 2024 жылы Германияның Аугсбург қаласында топ жарған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!