Теннис
15 қазан 17:24

Шевченко Алматыдағы турнирді сәтті бастады

©ҚТФ

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 сериялы турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы сербиялық Ласло Джерені жеңді. Кездесу 7:6 (7:1), 7:6 (14:12) есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.

Екінші айналымда Александр әлемнің 41-ракеткасы, француз Корентен Мутемен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport