Серена Уильямсты маймылға теңеген тележүргізуші жазасын алды

17 қыркүйек 2019 10:32
XSPORT.ua
Румыниялық тележүргізуші Раду Банчу эфир кезінде америкалық теннисші Серена Уильямсты маймылға теңеймін деп айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Румынияның Кемсітумен күрестің ұлттық кеңесі (CNСD) сайтында көрсетілген.

Эфир кезінде Банчу теннисшіні "кө...і қызыл маймылға ұқсайды" деген еді. "Ал маймылдың бұтына шалбар кигізсең, ол корттағы Уильямстан аумай қалады", - деген болытн тележүргізуші.

CNCD директорлар кеңесі бұл сөздерді нәсілшілдік деп атап, Банчуға сегіз мың лей айыппұл салды (екі мың доллардай).

37 жастағы Уильямс - төрт дүркін Олимпиада чемпионы және "Үлкен дуылға" турнирін жекелей сайыста 23 рет ұтқан.
Метки: