Серена Уильямс US Open турниріне қатыспайтынын хабарлады

©QUINN ROONEY/GETTY IMAGES

Үлкен дулыға турнирлерінде 23 рет топ жарған атақты америкалық теннисші Серена Уильямс US Open турниріне қатыспайтын болды. Бұл туралы спортшының өзі Іnstagram-парақшасында жазды. 

"Дәрігер және медициналық команда өкілдерімен ақылдаса келіп, мен US Open турниріне қатыспайтын болдым. Себебі, жарақатымды емдеп алуым керек. 

Нью-Йорк - әлемдегі ең керемет қалалардың бірі. Менің теннис ойнайтын ең сүйікті шаһарларымның бірі. Жанкүйерлерді сағынатын боламын. Қолдауларыңызға рақмет. Жақында қайта көрісеміз", - деп жазды 39 жастағы теннисші. 

Еске салайық, Уимблдон турнирінің бірінші айналымында Серена көгалда аяғы тайып, жарақат алып қалды. Сол үшін белорус қызы Александра Сасновичпен ойынды жалғастыра алмады. Бірақ ол кезде теннисшінің агенті Уильямсты US Open турниріне дайын болады деген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: