Теннис
9 тамыз 2022 13:15

Серена Уильямс карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты

©Reuters

Америкалық теннисші Серена Уильямс жуырда карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп жазады "Р-Спорт" порталы. 

Теннисші мәңгі ойнай алмайтынын баса айтты. "Карьерамның аяқталатын кезіне жақындап қалған сияқтымын. Аяқтайтын сәтке тезірек жетсем екен. Мен теннис ойнағанды жақсы көремін. Бірақ мен мәңгі ойнай алмаймын", - деді ол. 

Дүйсенбі күні Уильямс Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында испаниялық Нурия Парризас-Диастан айласын асырды. Бұл оның соңғы 14 айдағы бірінші жеңісі болды. 

Уильямс WTA турнирлерінде 2021 жылдан бері өнер көрсетпеді. Маусымда 40 жастағы теннисші Уимблдон турниріне қатысқан болатын. Бірақ бірінші айналымда франциялық Хармони Таннан жеңіліп қалды. Ал шілде айында ол WTA рейтингінен шығып қалды. 

Уильямс жекелей сында Үлкен дулыға турнирінің 23 мәрте жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport