Теннис
1 қараша 08:39
 

Сенсация жасаған Бублик Париждегі турнирдің жартылай финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Сенсация жасаған Бублик Париждегі турнирдің жартылай финалына шықты ©

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің ширек финалында Бублик сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Ол әлемнің 6-нөмірлі теннисшісі, австралиялық Алекс де Минаурды тізе бүктірді. Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:7 (5:7) есебімен ұтылғанымен, келесі екі партияда 6:4, 7:5 нәтижесімен басым түсті және камбэк жасады.

Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 16 эйс жасап, 4 қос қате жіберді. Ал оның қарсыласы 12 эйс пен 9 қос қате тіркеді.

Жартылай финалда Бублик канадалық Феликс Оже-Альяссиммен (№10) кездеседі. Ол ширек финалда монаколық Валантен Вашероны (№40) 6:2, 6:2 есебімен жеңген. Матч 1 қараша күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!