Теннис
Бүгін 11:46
 

Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды

  Пікірлер

blog.share

Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды ©WTA

8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды.

blog.share

8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды.

Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы бірінші топқа түсті. Бұл топта ол америкалық Кори Гауфф және Джессика Пегуламен, сондай-ақ чехиялық Линда Носковамен кездеседі.

Екінші топқа Беларусь өкілі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Мухова кірді.

Топтық кезеңде әр теннисші үш кездесу өткізеді. Әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – WTA қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы. Былтыр қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы жеңіп, бас жүлдеге ие болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!