Рыбакинаның "Уимблдон" турнирінен кейінгі алғашқы қарсыласы анықталды

©Reuters

Елена Рыбакина Сан-Хоседегі WTA 500 турнирінің бірінші айналымында ресейлік Дарья Касаткинамен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің негізгі сеткасы 1 тамызда басталады. Ал рейтингте жоғары тұрған Мария Саккари (турнирдің бірінші нөмірі), Паула Бадоса (2), Онс Жабер (3) және Арина Соболенко (4) жарысты екінші айналымнан бастайды.

Еске салайық, бұл Елена Рыбакинаның "Уимблдон" турнирін ұтқаннан кейінгі алғашқы ресми жарысы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport