Рыбакинаның Уимблдон финалы үшін матчінде сенсация болды
©Jimmie48 Photography, WTA
Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің жартылай финалындағы матчы сенсациямен аяқталды.
Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің жартылай финалындағы матчы сенсациямен аяқталды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізді. Ол бұл айналымда чехиялық теннисші Барбора Крейчиковамен кездесіп, үш сетте жеңіліп қалды.
Алғашқы сетте Елена 6:3 есебімен ұтқан еді, алайда екінші сетте қарсыласы есе қайтарды - 3:6. Соңғы, шешуші партияда қазақстандық теннисші 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, отандасымыз карьерасында екінші рет Уимблдонның финалына шыға алмады.
Ал чехиялық теннисші енді ақтық сында титул үшін италиялық теннисші Жасмин Паолинимен таласады.
Жарнама