Рыбакинаның Торонтода өтетін турнирдегі қарсыласы белгілі болды

©Reuters

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Торонто (Канада) қаласында өтетін турнирдегі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Рыбакина турнирдің бірінші айналымында Чехия елінің өкілі Мария Бузаковамен (WTA рейтингінде 47-ші) кездеседі. Чех қызы бұл турнирдің іріктеуінен өтті.

Бұл ойын бүгін, 8 тамыз күні өтеді. Рыбакина мен Бузакова екі мәртке кездескен. 2020 жылы Римде (Италия) және 2022 жылы Аделаидада (Аутсралия) жолдары түйісіп, екі кездесуде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport