Рыбакинаның Жапониядағы алғашқы қарсыласы анықталды

21 қыркүйек 2022 00:45
©olympic

Елена Рыбакина Осакадағы WTA турнирінде алғашқы ойынын кімге қарсы өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

23 жастағы қазақстандық теннисші жарыстың бірінші айналымында ресейлік қатарласы Людмила Самсоновамен кездеседі.

1/16 финал аясындағы матч 21 қыркүйек күні өтеді.

Еске салайық, Рыбакина осыған дейін Словенияның Портореждегі турнирдің финалына дейін шыққан еді. Алайда ақтық сында чехиялық Катерина Синяковаға есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport