Елена Рыбакина Осакадағы WTA турнирінде алғашқы ойынын кімге қарсы өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
23 жастағы қазақстандық теннисші жарыстың бірінші айналымында ресейлік қатарласы Людмила Самсоновамен кездеседі.
1/16 финал аясындағы матч 21 қыркүйек күні өтеді.
Еске салайық, Рыбакина осыған дейін Словенияның Портореждегі турнирдің финалына дейін шыққан еді. Алайда ақтық сында чехиялық Катерина Синяковаға есе жіберді.