Рыбакинаның Чжэнчжоудегі турнирге неге қатыспайтыны айтылды

©twitter.com/ChinaOpen

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Чжэнчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 500 сериясындағы турниріне неге қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

WTA Insider мәліметінше, қазақстандық теннисшінің белінде кінәрат болып тұр. 

Сонымен қоса, Чжэнчжоудағы жарысқа америкалық Кори Гауфф (иық жарақаты) және чехиялық Каролина Мухова (оң білегінің жарақаты) да қатыспайды. 

Еске салайық, Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында ұтылып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport