1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Теннис
6 қаңтар 14:36
 

Рыбакинаның 2026 жылдағы алғашқы матчіне тікелей трансляция

  Пікірлер

blog.share

Рыбакинаның 2026 жылдағы алғашқы матчіне тікелей трансляция KTF/Андрей Ударцев©

Бүгін, 6 қаңтарда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жаңа маусымды бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 6 қаңтарда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жаңа маусымды бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы спортшы жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы қытайлық Шуай Чжан (WTA №79) болады. Қытайлық теннисші бірінші ойында америкалық Эшлин Крюгерді (WTA №49) 6:4, 5:7, 6:4 есебімен ұтты.

Бұған дейін теннисшілер үш рет кездескен. Соның екеуінде Елена Рыбакина жеңіске жетсе, бір матчта Шуай Чжан басым түскен. Айта кетейік, Шуай Чжан жұптық сында әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы және Үлкен дулыға турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы (Australian Open-2019, US Open-2021).

Матчты қайдан және қашан көруге болады

Рыбакина мен Чжан арасындағы матч Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы мына сілтеме арқылы қолжетімді болады.

Брисбен-2026 турнирінің жүлде қоры

Брисбендегі турнир 4–11 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,2 миллион АҚШ долларын (613,4 миллион теңге) құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!