Қазақстандық танымал теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) 2024 жылғы чемпиондық жарысының жаңарған рейтингінде 2-орынға көтерілді.
Майамиде өткен жарыстан кейін Рыбакина 2693 ұпаймен бір саты жоғарылап, беларусь теннисшісі Арина Соболенконы (2520 ұпай) басып озды. Көш басында поляк қызы Ига Швентек келеді. Оның еншісінде 3140 ұпай бар.
WTA жаңарған рейтингінде қазақстандық тағы бір теннисшінің нәтижесі жоғарылады. Майамиде өткен WTA 1000 жарысында ширек финалға дейін шыққан Юлия Путинцева 16 саты жоғарылап, 52-орынға көтерілді.