Теннис
6 қараша 14:44
 

Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі үшінші матчында жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі үшінші матчында жеңіске жетті ©Jimmie48

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турниріндегі үшінші матчында жеңіске жетті.

blog.share

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турниріндегі үшінші матчында жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші Ресей өкілі Екатерина Александровадан (WTA рейтингі бойынша 10-орын) 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Топтық кезеңдегі кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, екі қос қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина WTA Finals турнирінің жекелей сынында жартылай финалға шыққан Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды. Бұған дейін ол Ига Швёнтекпен (Польша) және Аманда Анисимовамен (АҚШ) кездесіп, екеуін де жеңген болатын. Ал бастапқыда америкалық Мэдисон Кизпен ойнауы тиіс еді, бірақ ол денсаулығына байланысты турнирден бас тартты. Оның орнына кортқа Екатерина Александрова шықты.

Еленаның жартылай финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!