Теннис
4 қараша 18:00
 

Рыбакина WTA қорытынды турнирінде сенсация жасады

  Пікірлер

blog.share

Рыбакина WTA қорытынды турнирінде сенсация жасады ©Елена Рыбакина. Фото: Андрей Ударцев/ҚТФ©

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта бірінші орын алып, WTA-2025 қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты.

blog.share

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта бірінші орын алып, WTA-2025 қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты.

Америкалық Аманда Анисимова отандасы Мэдисон Кизді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін, отандасымыз жартылай финалға өтті.

Топтық кезеңде Рыбакина екі жеңіске жетті: алдымен Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты, ал кейін польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен жеңді.

Бұл - қазақ теннисі үшін тарихи жетістік. Елена жекелей сайыста WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!