Рыбакина WTA қорытынды турнирінде ойнай алмайтын болды

©ҚТФ

Елена Рыбакина  Гвадалахарада (Мексика) өтіп жатқан WTA турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуладан 6:2, 3:6, 6:7 (8:10) есебімен ұтылды. 

Енді 31 қазан мен 7 қараша аралығы Американың Форт-Уэрт қаласында әлемнің ең мықты сегіз теннисшісі үшін өтетін WTA қорытынды турниріне Рыбакина қатыса алмайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport