Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Вашингтондағы (АҚШ) ATP 500 турнирінің жұптық сайысында ширек финалға өтті.
Отандасымыз жұптық сында Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен бірге өнер көрсетуде.
Рыбакина/Радукану ширек финалға шығу үшін словакиялық Тереза Михаликова және ұлыбританиялық Оливия Николласпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде Рыбакина/Радукану жұбы 2:6, 7:6(4), 11:9 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 53 минутқа созылды.
Жарнама