Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, бірақ оның бұл матчы теннис тарихында қалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рыбакина 1/32 финалда күтпеген жерден ресейлік Анна Блинковадан жеңіліп қалды, ал шешуші супер тайбрейк тарихи оқиғаға айналды.
"Үлкен дулыға" тарихында жекелей сындағы ең ұзақ тайбрейк", - деп жазды Australian Open турнирінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.
Шешуші тайбрейк 22:20 есебімен Блинкованың пайдасына аяқталды – теннисшілер тарихқа енді.