Рыбакина US Open турнирінің жұптық сынында неге ойнамағаны белгілі болды

©РИА "Новости"

Қазақстандық теннисші Еленна Рыбакина US Open турнирінің жұптық сынында неге ойнамағаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз украниналық теннисші Ангелина Калининамен жұптық сында ойнау керек еді. Ua-football.com порталының ақпараты бойынша, Калинина ауырып қалып, ойнаудан бас тартқан. Содан соң олардың орнын америкалық дуэт Кэтрин Харрисон/Ингрид Нил басты. 

Еске салайық, осыған дейін Рыбакина франциялық Клара Бюрельден 4:6, 4:6 есебімен ұтылып, жекелей сыннан да шығып қалған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport