Қазақстандық теннисші Еленна Рыбакина US Open турнирінің жұптық сынында неге ойнамағаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз украниналық теннисші Ангелина Калининамен жұптық сында ойнау керек еді. Ua-football.com порталының ақпараты бойынша, Калинина ауырып қалып, ойнаудан бас тартқан. Содан соң олардың орнын америкалық дуэт Кэтрин Харрисон/Ингрид Нил басты.
Еске салайық, осыған дейін Рыбакина франциялық Клара Бюрельден 4:6, 4:6 есебімен ұтылып, жекелей сыннан да шығып қалған болатын.