Теннис
Бүгін 10:33

Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына өтті

©Depositphotos.com/ogfoto@yahoo.es

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық спортшы US Open турнирінде алғаш рет финалға жолдама алды.

Шешуші матчта Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Жартылай финалда Соболенко америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport