Рыбакина US Open-2021 турнирінің жеңімпазынан айласын асырды

©WTA Sydney

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сиднейде (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Аталған додада тоғызыншы нөмірмен өнер көрсететін Елена алғашқы матчта қарсыласына жеңіске жетуге еш мүмкіндік қалдырмады. Әлемнің 13-ші ракеткасының қарсыласы US Open-2021 жеңімпазы британиялық Эмма Радукану болды. Кездесу 22 жастағы теннисшінің тамаша жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 6:0, 6:1.

Бұл спортшылар арасындағы алғашқы кездесу болды. Матч бар болғаны 56 минутқа созылды.

Айта кетейік, Елена келесі кезеңде франциялық Каролина Гарсиямен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: