Рыбакина Уимблдоннан кейін қай турнирге қатысатыны айтылды

©REUTERS

Қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдондағы" жеңісінен кейін Сан-Хоседегі турнирде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

1 тамызда басталатын бұл турнирге Рыбакинадан бөлек "Уимблдон" финалында оның қарсыласы болған тунистік Онс Жабер қатысады. Сондай-ақ, Наоми Осака "Ролан Гарростан" кейін алғаш рет кортқа оралады. 

Еске салайық, 9 шілдеде Рыбакина "Уимблдон" финалында Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport