Елена Рыбакина Торонтодағы (Канада) WTA турнирінің екінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз әлемдік рейтингте 11-орында тұрған америкалық Коко Гауффпен кездесті. Тартысты матчта Гауфф 4:6, 7:6, 6:7 есебімен басым түсті.
Еске салайық, Рыбакина осыған дейін Сан-Хоседегі (АҚШ) жарыстың алғашқы айналымында ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберген еді.
Қазақстан құрамасының белді мүшесі биыл Тұманды Альбиондағы басты теннис турнирі саналатын "Уимблдонда" топ жарды.